Заңды өкілдің келісімі
Мен, ________________________________ (заңды өкілдің аты-жөні), ________________________________ (баланың аты-жөні, сыныбы, мектебі) заңды өкілі ретінде:
- балама 2026 жылғы 24–25 қараша күндері «Шәкәрім университеті» КеАҚ базасында өтетін «AI-Sana Shakarim Solveathon: AI&Medicine 2026» солватонына команда капитаны ____________________ басшылығымен қатысуға келісім беремін;
- «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Шәкәрім университеті» КеАҚ мен Semey Hub-қа баламның және менің дербес деректерімді (аты-жөні, мектебі, сыныбы, байланыс деректері) Солватонды ұйымдастыру, қатысушылар тізілімін жүргізу, сертификат беру және есептер дайындау мақсатында жинауға, өңдеуге және сақтауға келісім беремін;
- баламның денсаулық ерекшеліктері (аллергия, созылмалы ауру): ________________________________.
Келісім Солватон аяқталғаннан кейін 1 жыл бойы жарамды және жазбаша өтініш арқылы кері қайтарылуы мүмкін.
Телефон: ______________ Қолы: ____________ Күні: «___» __________ 2026 ж.
Фото және бейне түсірілімге келісім
Мен, ________________________________ (заңды өкілдің аты-жөні), «AI-Sana Shakarim Solveathon: AI&Medicine 2026» солватоны барысында түсірілген, баламның ________________________________ (баланың аты-жөні) бейнесі бар фото және бейне материалдарды ұйымдастырушылардың сайттарында, әлеуметтік желілерінде, БАҚ-та және есептерде коммерциялық емес мақсатта пайдалануға келісім беремін / бермеймін (керегінің астын сызыңыз).
Қолы: ____________ Күні: «___» __________ 2026 ж.